ЕАЭО арқылы еуропалық нарыққа жол ашылады – Серік Пірәлиев

ЕАЭО арқылы еуропалық нарыққа жол ашылады – Серік Пірәлиев
ашық дереккөз
ЕАЭО арқылы еуропалық нарыққа жол ашылады – Серік Пірәлиев

 Еуразиялық экономикалық одақтың арқасында қазақстандық өндіріс пен жалпы ел экономикасының екінші тынысы ашылады. Сондай-ақ көлік шығындары азайып, Қазақстанға теңіз порттарына жол ашылады. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев осындай пікірімен бөлісті.

 «Қазақстан ЕАЭО-ға кіру арқылы 9 есе үлкен нарықтың есігін ашып отыр. Бұл дегеніңіз, сапалы тауарлар мен қызметтің мол таңдауы, бәсекелестік нәтижесінде бағаны арзандату, қазақстандықтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу. Нарықты кеңейту арқылы өндіріс пен технология жаңарып, өнеркәсіптің қуаты артады, сондай-ақ бірін-бірі толықтырып отыратын кәсіпорындар құрылып, жаңа қаржылай-ғылыми қамтымды салалар ашылады, оған қоса жаңа жұмыс орындары пайда болып, аймақтар мен жалпы экономиканың шикізаттық емес секторы түлей түседі, осылайша экономикамызға дайын өнім экспортын шыңдауға мүмкіндік туады», - деп атап өтті С.Пірәлиев.

ҚҰПУ ректорының айтуынша, бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістіктің арқасында сауда мен логистика саласы бойынша Қазақстанның «қолы ұзарады».

«Қазақстан бұған дейін ашық теңіздерге тікелей шыға алмаған еді. ЕАЭО-ға мүшеліктің арқасында теңіз порттарына баж салығынсыз жол ашылып отыр, сондай-ақ, Ресейдің көлік инфрақұрылымы да қолжетімді болмақ. Соның арқасында көлік шығындары азайып, астық, ұн, дайын әрі шикізаттық тауарларды экспорттауда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік туады. Бір сөзбен айтқанда, сыртқы сауда әлеуеті артады. Жалпы айтқанда, ЕАЭО-ға кіру арқылы Қазақстан экономикасы әлемдік дағдарыстарға төтеп бере алады», - деді Серік Пірәлиев.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар